Мәселелерді ушықтырмай шешу керек - Тоқаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәселелерді ушықтырмай шешу керек - Тоқаев Видео кадры

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы мәселелерді шешудің маңыздылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы мәселелерді шешудің маңыздылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путин қатысқан Қазақстан-Ресей Өңіраралық ынтымақтастық форумын қорытындылай келе, Тоқаев кездесу қызықты өткенін айтты.

"Әрине, сұрақтар бар. Менің ойымша, оларды кейін жұмыс режимінде қарастырамыз. Біз ресейлік басшылардың кейбір сөзінен Қазақстан тарапына қатысты наразылықтарды аңғардық. Біздің басшыларымыздың да сұрағы бар деп ойлаймын.

Менің ойымша, бұл проблемалардың бәрін жұмыс режимінде, мәселелерді ушықтырмай шешу керек, өйткені шекаралық немесе мемлекетаралық болсын, кез келген ынтымақтастық, әрине ешқандай сұрақтар мен проблемасыз аяқталмайды. Ол үшін осындай форумдар өткізіледі. Біз бір-бірімізге ашық болуымыз керек және туындаған мәселелерді тиісті түрде шешуіміз керек. Бүгінгі әңгіме сындарлы болды деп есептеймін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Ресей шекарасындағы проблемалар туралы айтып, Каспий итбалығы мен киіктерді сақтау бойынша Ресейге шаралар ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети