"Мәселені бірлесіп шешуге шақырамын". Маңғыстау облысының әкімі үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мәселені бірлесіп шешуге шақырамын". Маңғыстау облысының әкімі үндеу жасады Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Құрметті отандастар! Бүгін түнде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бүгін таңертең ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметпен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында қалыптасқан жағдай қысқа мерзімде екі тараптың да пайдасына шешілуі үшін жағдай жасау жөнінде нақты тапсырмалар берілді", - делінген әкімнің үндеуінде.

Ол білместен немесе басқа себептермен осындай іс-шараларға қатысып жатқан адамдардан үйіне оралып, арандатушылыққа бой алдырмауды сұрады. 

"Қазір жиналғандардың барлығы өз еркімен тарап кетсе, қолданыстағы заң аясында ешқандай шара қолданылмайды. Өз тарапымнан барлық іс-әрекет қатаң бақыланып, заң шеңберінде жүзеге асатынын атап өткім келеді. Біз мәселені тез арада шешуге және Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде тұрақтылықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуге баса назар аударамыз.

Президенттің тапсырмасына сәйкес азаматтық және әскери нысандарды қорғау және осы нысандарға қандай да бір қол сұғушылыққа жол бермеу немесе олардың жұмысына кедергі келтіру мәселелерін ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді. Құрметті жерлестер, осы мәселені бірлесіп шешуге шақырамын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!", - деді Нұрлан Ноғаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети