Мәсімов қайтадан Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәсімов қайтадан Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды Кәрім Мәсімов. ©Ortcom

Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды", - делінген баспасөз таралған хабарламасында.

Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Парламент Мәжілісі фракциясының басшыларымен кездесу барысында Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне Кәрім Мәсімовті ұсынған болатын. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 26 сәуірде өтті. Сайлаушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Қазақстандықтардың 95,21 пайызы дауыс берді. ҚР ОСК нақты мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев 97,75 пайыз дауыс жинады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети