Мәсімов Қазақстан әуежайларындағы бақылау жүйесін тексеріп шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәсімов Қазақстан әуежайларындағы бақылау жүйесін тексеріп шығады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов 15 маусымнан бастап өңірлерді аралайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов 15 маусымнан бастап өңірлерді аралайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, іссапар кезінде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі талқыланады.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірге бір ай ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін қарастырсын. Ертеңнен бастап облыстарды аралауға шығамын. Барлық кездесуде жастарды жұмыспен қамту туралы мәселе көтерілуі тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, Мәсімов іссапар кезінде әуежайлардағы бақылау жүйелерін тексеретінін айтты.

"Инвестиция және даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Ішкі істер министрлігімен, "Самұрық-Қазына" қорымен бірге барлық әуежайды, автовокзалдар мен теміржол вокзалдарын өзге елдердегідей заманауи тексеру жүйелерімен, аулаларды сапалы бейнебақылау құралдарымен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Облыс басшыларына өңірлерді аралау кезінде маған әуежайлардағы тексеру жүйелерін көрсетуді тапсырамын. Қажет болған жағдайда сол жерде шешім қабылдаймыз", - деді премьер-министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети