Мәсімов Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәсімов Ыстамбұлдағы терактіге байланысты көңіл айтты

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ыстамбұл әуежайындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ыстамбұл әуежайындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Binali Yıldırım және қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын", - деп жазды Мәсімов Twitter желісінде.

 

Айта кетейік, 28 маусымда Ыстамбұл Ататүрік халықаралық әуежайында үш жарылыс болды, зардап шеккендердің көп екендігі хабарланып отыр. CNN Turk телеарнасының хабарына қарағанда, әуежайда атыстар естіліп жатыр. Агенттік куәгерлерге сілтеме жасай отырып, атыстың әуежайдың автотұрағынан басталғанын жазып отыр.

Ал соңғы мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы әуежайда жасалған шабуылдан 36 адам қаза тапқан. Осыған дейін Haberturk телеарнасы Түркияның әділет министрі Бекир Боздагқа сілтеме жасай отырып, әуежайдағы шабуылдан 31 адамның қаза тапқанын, 147 адамның жарақаттанғанын хабарлаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети