Мәсімов Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ҰК ұжымымен таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған жаңа басқарма төрағасы - Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті таныстырды", - делінген Үкімет басшысының сайтында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, таяуда Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол компанияны 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарды.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама