ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 тамыз 2020 13:40
Маска тақпағандарға айыппұл сомасын азайту мәселесі талқыланбайды - министрлік
Әділет министрлігінің өкілдері бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсіновтің маска тақпағандарға айыппұл сомасы 2700 теңгеге дейін азаюы мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабында көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ", - деді министрлік өкілдері.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін екені хабарланған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу