19 тамыз 2020 12:42

Маска тақпағандарға айыппұл сомасы 2 700 теңгеге дейін азаюы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл 83 340 теңгеден 2 778 теңгеге дейін азаюы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті кәсіпкерлер, жақсы жаңалық! Бұған дейін біз маска режимін және басқа да шектеу шараларын бұзғаны үшін тексеруші органдар кәсіпкердің, оның қызметкерлері мен тұтынушыларының жауапкершілігі арасында нақты бір шаралар жүргізуі керек деп бірнеше рет мәлімдедік.

Егер кәсіпкер өз нысанындағы барлық санитарлық жағдайды, соның ішінде маскалар мен қолғаптардың қорын қамтамасыз етсе, сондай-ақ тұтынушылардан маскалар киюді талап етсе, ол кәсіпкер өз қызметкерлері мен тұтынушыларының маска режимін бұзғаны үшін жауап бермеуі керек. Шілде айының басында біз қызметкердің немесе сатып алушының карантинді бұзғаны үшін қызметкер немесе сатып алушы жауапты болады деп мәлімдедік. Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) мұны растайды", - деп жазды омбудсмен Facebook желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтар үшін тағы бір жағымды жаңалық барын айтты.

"Мемлекеттік органдар қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын қарастырып жатыр және жеке тұлғалар үшін маска режимін бұзғаны үшін айыппұлды 30-дан 1 АЕК-ке (2 778 теңге) дейін төмендету ұсынылады. Біз бұл жұмысқа белсене атсалысамыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети