"Масқара!". Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Масқара!". Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды © Ақбөпе Тәңірберген/Facebook

"Қазақстандық Медиа Альянс" Алматы әкімдігінде болған "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстандық Медиа Альянс" Алматы әкімдігінде болған "Хабар 24" журналисінің оқиғасын назардан тыс қалдырмауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында Қанат Сахариянов кеңестің келесі отырыстарының күн тәртібіне БАҚ-ты дамыту бойынша мәселелер блогын енгізуді ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстанда сапалы заңдар бар, бірақ олардың орындалуы ақсап тұр, сондықтан жергілікті шенеуніктер журналистерге осылай жасайды.

"Журналист қандай да бір әкімнен пікір алғысы келсе, халыққа есеп беруден қашпаңыз. Бірақ олар тілшіні көшеге шығарып тастайды. Мұны қалай айту керек екенін де білмеймін. Масқара! Иә! Мен әріптестеріммен кеңесіп, Қазақстандық медиа альянстың атынан, Телевизиялар қауымдастығының атынан, сізден осыған назар аударып, реакция беруіңізді сұраймыз", - деді ҚР Президенттің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қанат Сахариянов. 

Айта кетейік, "Хабар 24" журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети