19 қыркүйек 2016 | 18:10

Мәскеуде Астана күндері өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана әкімдігінің сайтынан алынған сурет © Астана әкімдігінің сайтынан алынған сурет

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Астананың мәдениет күндері аясында бірқатар іскерлік және мәдени шаралар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ресей астанасы Мәскеу қаласында Астананың мәдениет күндері аясында бірқатар іскерлік және мәдени шаралар өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Елорда әкімі Әсет Исекешев Мәскеу мэрі Сергей Собянинмен кездесті. Сонымен қатар, қос астананың іскерлік ынтымақтастығы форумы, іскерлік топ өкілдерінің кездесулері ұйымдастырылады. Шаралар әлемдегі ең ірі экспозициялық алаң - Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде этноауылдың ашылуынан басталды. Ресми шараға елорда басшысы Әсет Исекешев пен Мәскеу Үкіметінің министрі Сергей Черемин қатысты.

Этноауыл аумағында бірнеше тақырыптық киіз үй тігілді - "Ақ Орда", "Аңшының үйі", "Шеберлердің киіз үйі", "Қолөнершілер шеберханасы" және т.б. Сонымен қатар, келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.

Этноауыл аумағында алдағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне арналған павильон орнатылды. Экспозиция Мәскеу уақыты бойынша сағат 22.00 ашылады.

Астана күндері аясында Ресей астанасында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ халқының мәдениетімен танысуға мүмкіндік беретін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады, елордалық театр әртістері мен танымал қазақстандық шоу-бизнес өкілдері өз өнерлерін ортаға салады. Бүгін Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Театр сүйер қауым "Томирис - Сақ патшайымы" қойылымы мен бейнелеу өнерінің "Жусан иісі" көрмесін тамашалай алады.

Бұдан басқа, шара аясында бірқатар іскерлік кездесулер өткізу, "Мәскеу қаласының бірыңғай геоақпараттық кеңістігін", Спорттық инновациялық технологиялар және құрама командалар дайындау орталығын, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын аралау, сондай-ақ, Мәскеу аумағында жәрмеңкелер ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу жоспарланған. 

19 қыркүйекте Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Сахна төрінде ҚР халық әртістері Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Майра Мұхамедқызы, "Славянский базар-2015" конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайберген, Бүркіт пен Аиша, "Музарт", "Формат", "Ринго" топтары өнер көрсетеді. 

Сонымен қатар, "Наз" мемлекеттік би театры мен "Шалқыма" халық биі ансамблі, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі және "Астана" эстрадалық-симфониялық оркестрі, "Тұран" эстрадалық-фольклорлық ансамблі және "Серпер" домбырашылар ансамблі өз шеберліктерін ортаға салады.

Сатира кешінде Тұрсынбек Қабатов бастаған үздік қазақстандық әзілкештер мәскеуліктерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл күні ресейлік "А-Студио" тобы да келушілерді қуантпақ.

18-20 қыркүйекте Астана м ен Мәскеу қалаларының былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасады, елорда құрамасынан жарысқа 16 спортшы қатысады.

20 қыркүйекте сағат 19:00 Ресейдің ірі мәдени орталығы - Мәскеу халықаралық Музыка үйінің сахнасында М. Горький атындағы академиялық орыс драма театрының Болат Жандарбековтың "Сақтар" романының желісімен дайындалған "Томирис - Сақ патшайымы" қойылымы көрсетіледі. 

Бұл күні Мәскеуде үздік қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің еңбектері қойылған "Жусан иісі" атты бейнелеу өнері көрмесі ашылады. Экспозиция Нью-Йорк, Берлин және Бейжің сияқты ірі қалаларда өткізіліп, жергілікті мамандар мен өнерді бағалаушылар арасында үлкен жетістікке қол жеткізген. Мәскеу суретшілер одағының көрме залында көпшілік назарына ұсынылатын туындылар көрмесі 2 қазанға дейін жалғасады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети