Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту мәселелері талқыланды © primeminister.kz

ЕЭК Кеңесінің жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.


ЕЭК Кеңесінің жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.

Тараптар екі ел арасындағы ғарыштық және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жағдайын қарастырды.

Бұдан өзге, "Байқоңыр" кешеніндегі әрі қарайғы ынтымақтастық жөніндегі қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты сұрақтар талқыланды: "Байқоңыр" кешеніндегі ынтымақтастықты жалғастыру Тұжырымдамасын дайындау туралы, Байқоңыр қаласының статусы туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы және т.б.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы барлық спектр бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудың қажеттігі туралы ниеттерін білдірді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети