Мәскеуде ВДНХ №11 "Қазақстан" павильонында қазақтың ақыны Жамбыл Жабаев пен Социалистік еңбек ері Шығанақ Берсиевтің ескерткішін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ескерткіш бұрынғы өзінің орнында қайта көтерілді. Бұл жұмыстарға жарты жыл уақыт кеткен. Биіктігі - 3,5 метр.
Мүсіндер 1963 жылы жойылған. "Қазақстан" паильоны ВДНХ аумағында 1937 жылы пайда болған. Архитектор Владимир Костенко (1881-1956) жобасы бойынша салынған. Бұл негізгі аллеяның кіреберісінде орналасқан бірінші ғимарат болған.
1949 жылы қазақ павильонының түрін өзгерту туралы шешім қабылданған. Қазақстандық архитектор Төлеу Бәсеновтің қатысуымен И.М. Петров және И.В. Куприяновтар жаңа жобаның жұмыстарын бастаған. Жұмыстар 1954 жылға дейін жалғасқан.
Суреттер ҚР Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен
1960 жылдары көптеген декоратив фасад жойылды, ал 1966-1967 жылдары архитектор С. Кобецкий мен инженер В. Анисько қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты.