Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды

Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Мәскеудің Пресненск аудандық сотының баспсөз хатшысы Алексей Черников мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде Жомарт Ертаевты қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Мәскеудің Пресненск аудандық сотының баспсөз хатшысы Алексей Черников мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мәскеудің Пресненск аудандық соты Ертаевтың үй қамағын 8 қарашаға дейін ұзартты", - дейді Черников.

Еске салайық, 2018 жылы мамырда қазақстандық банкир және кәсіпкер Жомарт Ертаев Ресей астанасындағы  "Москва-Сити" бизнес орталығының маңында ұсталған болатын. 11 мамырда Пресненск аудандық соты оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған. 

13 маусымда Мәскеу прокуроры Ертаевты тергеу абақтысына қамауды және ары қарай Қазақстанға қайтаруды талап еткен. Алайда сот Ертаевты үй қамағында қалдырды. 

Ал Қазақстанның ІІМ өкілдері "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ертаев 80 миллион долларды жалған ЖШС арқылы несие түрінде шығарған және ол қаржыны қайтармау әрекеттерін жасағанын айтады. Ертаевқа қатысты ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. 

Қазір Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе қаралып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети