Мәскеуде қарттар үйінен өрт шығып, 4 адам қаза тапты

Фото: russian.rt.com

Мәскеу қаласында қарттар үйінен өрт шығып, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеу қаласында қарттар үйінен өрт шығып, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға 9 сәуірге қараған түні Мәскеудің батысында орналасқан "Третий возраст" қарттар үйінде болған. 

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, өрт туралы хабар Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 00.24-те түскен. Өрт сағат 01.20-де сөндірілді.

Реклама
Реклама

"Өрт сөндіру барысында шамамен 50 адам құтқарылды. Оларды медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Өкінішке қарай, 4 адам қаза тапты", - делінген хабарламада. 

Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары Анастасия Ракова қарттар үйіндегі адамдарға тиісті көмек көрсетіліп, олардың басқа мекемеге орналастырылатынын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама