Мәскеуде мұғалімін пышақтады деп айыпталған қазақстандық жігіт жайлы не білеміз?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жасұлан Құдайбергенов Жасұлан Құдайбергенов

Байқоңырдағы мектептегілер Мәскеуде мұғаліміне пышақпен шабуылдады деп айыпталып жатқан Жасұлан Құдайбергенов жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысына шабуылдады деген күдікпен қамауға алынған.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Байқоңырдағы мектептегілер Мәскеуде мұғаліміне пышақпен шабуылдады деп айыпталып жатқан Жасұлан Құдайбергенов жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысына шабуылдады деген күдікпен қамауға алынған.

Мектеп әкімшілігі өз түлегі жайлы тек жақсы қырынан сипаттап отыр. Айтуларынша, жігіт өте ақылды әрі ресейлік беделді жоғары оқу орнына өз білімімен түскен. 

"Әлі күнге таңғалып отырмыз. Жасұлан Құдайбергеновті жақсы білемін әрі мұндай қадамға барады дегенге сенбеймін. Өте байсалды, адекват еді. Жақсы отбасыдан шыққан, шешесі перзентханада жұмыс істейді, үйінде тағы алты бала бар. Мұнда ол "4" пен "5"-ке оқыды, тәрбиелі еді. Ең ақылды бала. Бізге профессорлар келіп, олимпиада ұйымдастырады. Барлығы мұнда "Бауманкаға" (Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті) түсу үшін дайындалады, түсе алмай қалатындары да баршылық. Ол өз білімімен түсті. Әлі күнге мұндай қадамға барды дегенге сене алар емеспін", - дейді Байқоңыр қаласындағы В.Н.Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебінің әкімшілігіндегілер. 

Айта кетейік, Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің экс-студенті Жасұлан Құдайберенов осы білім ордасындағы мұғалімге ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген. 30 тамызға дейін күдікті қамауда болады.

"Қазақстан азаматы 2 айға қамауға алынды, 30 тамызға дейін. Оған денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылып отыр. Әзірше тергеу жүріп жатыр. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Біздің консулдар барып-қайтты, адвокатпен байланыс орнатты. Жағдайы мен денсаулығына шағымы жоқ", - деп хабарлаған еді мұның алдында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer