Мәскеуде құлдықта болған жерлестеріміз онда қамауда отырғандардың көп екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде құлдықта болған жерлестеріміз онда қамауда отырғандардың көп екенін айтты © Tengrinews.kz

Азапты күндері туралы айтқан Ертай Ережепов құл ұстаушылар мен елшіліктегілер тіпті ауыз жаласты десе, Несібелі Ибрагимова сол атышулы дүкенде әлі біраз адам қалды деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азапты күндері туралы айтқан Ертай Ережепов құл ұстаушылар мен елшіліктегілер тіпті ауыз жаласты десе, Несібелі Ибрагимова сол атышулы дүкенде әлі біраз адам қалды деп отыр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 

24 жастағы Ертайды өзін "Айка" деп таныстырған қыз Ресейде туған әпкелерінің дүкеніне жұмысшы керек екенін, ол жақта қазақтардың ортасында болатынын айтып, 150 мың теңге жалақымен қызықтырыпты. Сөйтіп, бара сала құжат атаулы дүкен иелерінің қолына өткен. Ал өздерін ұрып-соғып жұмысқа жеккен. Ебін тапқан Ертай он күннен соң жалаңаяқ қашып шығып, Қазақстан елшілігіне барған екен.

Елшіліктен болмаған шапағатты Ертай бейтаныс жандардан көреді. Бір апта бойы мешітте танысқан қырғыздардың үйінде тұрып, солардың көмегімен дүкен қожайындарынан құжаттарын алған. Сөйтіп, елге жетіп, полицияға арыз жазғанымен іс жұмбақ жағдайда жабылып қалыпты.

Ал 21 жастағы Несібелі Мәскеуге күйеуінің артынан барған. Атышулы дүкен сол күйеуінің нағашысына тиесілі екен. Соған қарамастан, кейін келіншекті де тепкінің астына алып, жарты жыл бойы қорлаған.

"Қоймада жаттық. Ойына келгендерін істеді. Ана қыз шыңғырып жылады", - Сарыағаш қаласының тұрғыны Несібелі Ибрагимова.

"Ертай Ережеповтің арызынан кейін Мәскеудегі біздің дипломаттар дүкенге барып, психологиялық қысым жасау арқылы оның құжаттарын алып берді. Қазақстанға қайтар қаржысы болмағандықтан пойызға да ақшаны біздің дипломаттар берді", - ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Құлдықта болған жігіт Мәскеуде көмек берген азаматтарды куәлікке тартуға да, өзі жұмысқа жегілген дүкенді көрсетуге де әзір.

Соңғы 9 жыл ішінде Ертай мен Несібелі секілді Мәскеудегі дүкенде құлдықта болғандар саны 20-ға жетеді. Алайда көрген қорлығын ашық айтуға барлығының бірдей батылы жете бермейді. Оның үстіне Ыстанбековаларға қатысты неше рет арыз түсіргенімен, не Қазақстанның, не Ресейдің құзырлы орындары оларға қарсы түк жасай алмай отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети