59 сайлау округінде мәслихаттардың босаған орнына депутаттарды сайлауға 196 кандидат қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
59 сайлау округінде мәслихаттардың босаған орнына депутаттарды сайлауға 196 кандидат қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кандидаттардың 60-ы - саяси партиялардың мүшесі. 136-сы - өзін-өзі ұсынушылар, олардың 72-сі партия қатарында жоқ, тағы 47-сі өздерінің қандай партияға тиесілі екенін көрсетпеген. "Тіркелген кандидаттардың арасында 9 ұлттың өкілі бар. Олардың орташа жасы - 42. 152 кандидат (84,9 пайыз) – жоғары білімді, 22 кандидат - (12,3 пайыз) арнайы орта білімді және 5 кандидат (2,8 пайыз) – орта білімді. Кандидаттардың 55,3 пайызы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда, 33,5 пайызы коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді, 6,1 пайызы - саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкері, 5,1 пайызы басқа кәсіп түрлерімен айналысады", - делінген хабарламада.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның 101-бабы 4-тармағына сәйкес мәслихат депутаттарын сайлау 29 наурыз күні республиканың 14 өңірінде өтеді. Барлығы 59 депутат сайланады: Астана мәслихатының 1 депутаты, облыстық мәслихаттың 8 депутаты, қалалық мәслихаттың 10 депутаты және аудандық мәслихаттың 40 депутаты.
Қазіргі уақытта күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңі басталды, ол 28 наурызда сағат 00.00-де аяқталады. Сайлау болатын күннің алдындағы күні және дауыс беру күні сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. 14 наурыздан бастап учаскелік сайлау комиссияларының үй-жайларындағы азаматтар сайлаушылар тізімдерімен таныса алады, ондағы өздері туралы мәліметтерді тексеруі мүмкін және қателер жіберілген жағдайда түзетулер енгізуді талап етеді.