ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыда болған жағдайдан кейін үкіметтегілерге тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Алматыда болған жағдайдан кейін үкіметтегілерге тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің полицейлер мен арнайы қызметтегілердің антитеррористік операция кезінде көрсеткен кәсібиліктерін ерекше атап өткім келеді. Лаңкестердің соққылары мықты болды. Тағы да айта кетейін, азаматтарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығы бақылауда", - деді Мәсімов.
Сонымен қатар, премьер-министр үкіметтегілерге бірнеше тапсырма берді:
"1. Ішкі істер департаментінің өкілдері Алматыдағы тәртіп сақшылары мен азаматтарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды жүргізсін. Сонымен қатар, еліміздің барлық өңірінде қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті күшейтуге шаралар қабылдансын.
2. Алматы қалалық ішкі істер министрлігіндегілер мен Алматы қаласының әкімі атыста қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетсін.
3. Алматы әкімдігі және денсаулық сақтау министрлігіндегілерге атыста жарақат алғандарға қажетті медициналық немесе басқа да көмек көрсетілсін.
4. Алматы қаласының әкімдігі өкілетті органдармен біріге отырып, қаладағы өзекті әлеуметтік мәселелерді зерттеп, оларды шешу жолдарына қажетті қосымша шараларды қолдану, жұмыссыздықпен күресу, еңбекпен қамту, діни саладағы және жастар арасында болып жатқан мәселелерді шешу, шағын және орта бизнестегі экстремизммен күресу, көші-қон саясатындағы қылмыспен күрес мәселелерін шешуі қажет.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.
Сондай-ақ, алматылық атқыштың терактіге дейін адам өлтіргендігі анықталды. ІІМ басшысының айтуынша, күдікті жезөкшені өлтірген. Бұрындары екі рет сотталған 1990 жылғы Руслан Күлікбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кек алғысы келген.
Терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды. Сондай-ақ, Алматы ауруханасында атыстан жарақат алған полицейдің қайтыс болғаны туралы хабарланды. Бүгін, 19.07.2016 жылы, 13.45-те аурухананың жансақтау бөлімінде жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальоны қызметінің аға инспекторы полиция лейтенанты 25.07.1986 жылғы Тимур Бегасылов қайтыс болды.