Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қала билігінің жұмысын бағалау үшін жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімов Алматы халықаралық әуежайының қауіпсіздік жүйесімен танысып, оның инженерлік-техникалық тұрғыдан жабдықталғанын және мегаполистің теміржол мен автовокзалдың антитеррорлық қауіпсіздігін тексереді.
Сонымен қатар, Премьер-Министрдің кестесінде "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағына және "Байсерке Агро" ЖШС агроөнеркәсіптік кешеніне бару жоспарланған.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов Наурызбай ауданындағы "Қарғалы" өзенінің арнасын қайта құру жұмысын тексереді. Осыған дейін Үкімет отырысында Премьер-Министр Алматы қаласындағы селдің алдын алу бойынша жауапты қалалық қызмет орындарының жұмысын бақылауда ұстауға уәде берді.
Кәрім Мәсімов өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан Саялы шағын ауданында болып, жас отбасыларға пәтер кілтін тапсырады. Сонымен қатар, Премьер-Министр қысқы Универсиадаға арнап салынып жатқан нысандарда болып, Мұз сарайы мен Атлетикалық ауылдың құрылысын қарап шығады.
Кәрім Мәсімов жұмыс сапары аясында кәсіпкерлік және банк қызметін дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізеді.