Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының Twitter желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
"Барша журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ақпараттарыңыз әрдайым шынайы әрі жағымды болсын!", - деп жазды ол.
Барша журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ақпараттарыңыз әрдайым шынайы әрі жағымды болсын!
— Карим Масимов (@KarimMassimov) 28 июня 2016 г.
Бүгін, 28 маусымда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл мереке бастапқыда Журналистика күні деп аталып, Қазақстанда 10 мамырда атап өтілетін. Себебі қазақ тіліндегі тұңғыш "Түркістан уалаяты газеті" шыққан уақыт осы еді.
Алайда бұл мереке 28 маусымға ауыстырылды, себебі БАҚ туралы қазақстандық заң осы күні қабылданды. Мерекенің атауы Баспа, радио және телевизия деп аталып, 2012 жылға дейін дәстүрлі түрде маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Кейін Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 20 қазанындағы жарлығы бойынша оның мерзімі 28 маусым болып өзгеріп, мерекенің атауы - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды.