Экстремизм мен терроризмнің жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясының ашылуы кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экстремизм мен терроризмнің жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясының ашылуы кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Қазақстанның басқа елдер сияқты зорлық экстремизмнің барлық формасы мен пайда болуын табанды түрде айыптайтынын мәлімдеді.
"Бұл бағытта біз БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ҰҚКҰ Қауіпсіздік кеңесі терроризмге қарсы құрылымы аясында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатар, Қазақстанда терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы жүйе құрып, әлемдік тәжірибеге сүйеніп ойластырылған заңды база қалыптасты, экстремизм мен терроризм жауапкершілігін жүктеу қамтамасыз етілді. Көптеген ел бұл проблеманы басынан өткеріп жатыр. Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет пен қоғамның қалыптасуын ары қарай дамытатын 100 нақты қадамнан тұратын жаңа жоба ұсынды", - деді премьер-министр.
Мәсімов әлемде болып жатқан оқиғалардың зорлықшыл экстремизмнің қатердің басты қайнары болғанын көрсетіп отырғанын айтты. Оның ойынша, бұл оқиғалар бұдан да тығыз интеграцияны қажет етеді.
"Адамдарды мұндай ұйымдарға тартудың негізгі тәсілі радикалдардың Интернетте белсенді болуы. Әлем оны идеологияны бұзуға, содырларды тартып, дайындауға, ақпарат алмасып, таратуға, қылмыстық істерді жоспарлауға пайдаланып отыр. Ойлап қараңыздар, террористердің Facebook пен WhatsApp-тағы жиһадшыларға қосылуы туралы жарияланымын бір күнде екі миллионнан аса адам қарайды. Қазақстанда мұндай материалдарға шектеу қойылған, дегенмен бұл бағытта біз бірігіп нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Сондықтан да экстремизм мен терроризмнің жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен роль атқаруы керек", - деді ол.
"(...) Азаматтардың террорлық және экстремистік ұйымдардың қатарында әскери қақтығыстар ұйымдастыруы үлкен мәселеге айналып отыр. (...) Осыған байланысты біз терроризм мен экстремизмнің насихатына хабарласа отырып шара қабылдауымыз қажет", - деді Мәсімов.
Ол Назарбаевтың терроризм мен экстремизмді дінмен көлегейлеудің орынсыз екендігі туралы айтқан сөзін еске салды. Мәсімов зорлықшыл экстремизммен күресуге дайын барлық құрылым күштерімен өзара тиімді қарым-қатынас орнату керектігін атап өтті.