ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында мемлекеттік органдарға еліміздің су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы жылдың алты айының ішінде 198 адам суға кеткен, оның ішінде 82-сі бала, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білгім келеді", - деп сұрады Мәсімов.
"Шынымен де, жыл басынан бері елімізде 198 адам суға кетті, оның ішінде 82-сі бала, өткен жылы 265 адам батып кеткен болатын, төмендеу байқалады, шаралар қолға алынуда. Елімізде 50 мың су қоймасы бар, оның біздің құтқарушыларымыз жұмыс істейтін 125-і ғана жарақталған. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп осы мәселемен айналысудамыз. Негізгі себеп - су қоймаларының жарақталмауы және балалардың қараусыз қалуы, суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы. Бәрін қорытындылап, баяндайтын боламыз", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
"Иә, облыс әкімдерімен бұл мәселені пысықтау қажет. Қазір облыстар бойынша қарастыратын боламыз, жалпы, бұл мәселені қадағалау керек, ол екінші кезекте қалып, адамдар опат болуда", - деп тапсырды Мәсімов.