Массмедиа туралы заң жобасы Мәжіліске өтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Массмедиа туралы заң жобасы Мәжіліске өтті Фото:elements.envato.com

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы "Массмедиа туралы" заң жобасын қарауға қабылдады. Тіпті қоғамдық талқылау кезеңінде оның кейбір тұсы журналистік ортада теріс реакция тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Парламенттің төменгі палатасы "Массмедиа туралы" заң жобасын қарауға қабылдады. Тіпті қоғамдық талқылау кезеңінде оның кейбір тұсы журналистік ортада теріс реакция тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, журналистік қоғамдастықта оңай аккредитациядан өтуді қамтамасыз етуге арналған пресс-карталар енгізу жоспары көптеген сұрақтар, тіпті алаңдаушылық тудырды. Бұл ретте уәкілетті органға журналистерді пресс-картасынан айыру құқығы бекітіледі, оны сарапшылар журналистерге қысымның ықтимал құралы ретінде қарастырды.

Сондай-ақ, бастапқы кезеңде заң жобасында журналистің "ерекше жағдайларда" жұмысы туралы екіұшты норма бар еді, ол іс-әрекеттер мен материалдарды лауазымды тұлғалармен келісу, яғни шын мәнінде цензураны көздейтіні айтылды.

Әзірге заң жобасында даулы нормалардың қайсы қалғаны белгісіз. Мәжілісмендер оны қарап, қорытынды дайындайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети