Математика сабағында порно көрсетілген. Білім басқармасы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Математика сабағында порно көрсетілген. Білім басқармасы түсінік берді ©REUTERS

Алматыда онлайн-математика сабағы кезінде оқушыларға порно көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда онлайн-математика сабағы кезінде оқушыларға порно көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, математика пәнінің мұғалімі онлайн сабақ кезінде белгісіз біреулердің ZOOM интернет-платформасына кіріп, онда бейәдеп сөздер айтып, порновидео мен суреттер қосқанын айтқан. Алайда кейін ол мұғалімнің атына арыз түскен.

"Мектеп директоры Алмалы аудандық полиция басқармасына арыз түсірді, бұл жағдай сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі білім беру платформасын бөгде адамдардың кіруін шектейтін неғұрлым қауіпсіз платформаға ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр", - деді білім басқармасындағылар.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілгені хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети