Ресей Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, - деп жазады "Парламентская газета".
Ресей Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті, - деп жазады "Парламентская газета".
Тараптар білім, мәдениет, экономика және екі мемлекет үшін тарихи маңызға ие Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы және мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелері бойынша пікір алысты. "Қазақстан - о бастан Ресей үшін сенімді стратегиялық одақтас. Ресей-Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жоғарғы саяси деңгейде болсын, министрліктер деңгейінде, одан қала берді парламенттер арасында да тұрақты түрде дамып келеді", - деп атап өтті Матвиенко.
Ол сондай-ақ, екі ел Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімді мақұлдағанын мәлімдеді. Еске саламыз, ол құжат 2015 жылы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енеді. Тараптар ол құжатта көрсетілген 126 нормативті-құқықтық актіні іске асыру бойынша бірқатар жұмыстарды атқаруы тиіс. "Әрине бұл мәселе бойынша әлі де көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс. Маңыздысы сол ол теңқұқықты жағдайда құрылды. Ол жерде мемлекеттер үлкен-кіші болып бөлінбейді", - деді Федерация Кеңесінің спикері.
Кездесу барысында Матвиенко ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыркүйек айында Астанада Сергей Радонежскийдің туғанына 700 жыл толуына орай оған арнап ескерткіштің ашылғаны үшін алғысын айтты. Өз кезегінде Тоқаев Валентина Матвиенконы Федерация Кеңесі төрағылығына қайта сайлануымен құттықтап, Ресей парламентариі өкілдерінің Қазақстандағы Сенат сайлауына бақылаушы ретінде қатысқаны үшін алғысын айтты. "Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Сізді қайта сайлануыңызбен тағы бір мәрте құттықтаймын - бұл сіздің беделіңіздің жоғары, әрі танымал екеніңізді көрсетеді", - деді Тоқаев.