Мәулен Өтеғұлов пәтер дауында жеңіліп қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мәулен Өтеғұлов. ©Ярослав Радловский Мәулен Өтеғұлов. ©Ярослав Радловский

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Мәулен Өтеғұлов "Әйгерім" тұрғын үй кешеніндегі пәтеріне қатысты сотта ұтылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Шешімді Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сотының судьясы Талапова шығарды. Соттың шешімі бойынша Бостандық ауданы прокурорының талабы толық қанағаттандырылды. Мәулен Өтеғұлов сотта ұтылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін", - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет. Еске салайық, өткен жылдың маусым айында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үкімет басшысы мен Бас прокуратураның атына сауал жолдап, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жетекшілеріне қатысты жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізуді сұраған еді. Оған қоса, банктің "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша "Әйгерім" кешенінен пәтер алған қызметкерлерінің тізімі жария етілді. Кейін мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі пәтерлерді бөліп алу дерегі расталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл пәтерлерді қайтаруды тапсырды. "Бәйтерек" ұлттық холдингі басшылары пәтерлерді қайтару басталғанымен, кейбір жетекшілердің баспана жөнінде соттасқалы отырғанын айтты. Ал жуырда банктің Алматы облысы бойынша филиалының жетекшісі Мәмила Мұсабекованың сотта жеңіп шыққаны хабарланды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro