Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Мәулен Өтеғұлов пәтер дауында жеңіліп қалды

13 Наурыз 2014, 19:34
0
Мәулен Өтеғұлов. ©Ярослав Радловский
Мәулен Өтеғұлов. ©Ярослав Радловский
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Мәулен Өтеғұлов "Әйгерім" тұрғын үй кешеніндегі пәтеріне қатысты сотта ұтылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шешімді Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сотының судьясы Талапова шығарды. Соттың шешімі бойынша Бостандық ауданы прокурорының талабы толық қанағаттандырылды. Мәулен Өтеғұлов сотта ұтылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық шағым түсірілуі мүмкін", - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Еске салайық, өткен жылдың маусым айында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үкімет басшысы мен Бас прокуратураның атына сауал жолдап, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жетекшілеріне қатысты жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізуді сұраған еді. Оған қоса, банктің "Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша "Әйгерім" кешенінен пәтер алған қызметкерлерінің тізімі жария етілді. Кейін мемлекеттік бағдарлама шеңберіндегі пәтерлерді бөліп алу дерегі расталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл пәтерлерді қайтаруды тапсырды. "Бәйтерек" ұлттық холдингі басшылары пәтерлерді қайтару басталғанымен, кейбір жетекшілердің баспана жөнінде соттасқалы отырғанын айтты. Ал жуырда банктің Алматы облысы бойынша филиалының жетекшісі Мәмила Мұсабекованың сотта жеңіп шыққаны хабарланды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай