"Майданда да жалғыз жауынгер". Қуат Хамитов мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Майданда да жалғыз жауынгер". Қуат Хамитов мәлімдеме жасады Қуат Хамитов. Фото: Fight Nights Global©

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов өзіне қатысты сот отырысы өтіп жатқаны туралы хабарламадан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитов өзіне қатысты сот отырысы өтіп жатқаны туралы хабарламадан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 18 қаңтарда Қуат Хамитовке қатысты "коронавирустың адамдарға қасақана жұқтырылуын тоқтату үшін тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырды" деген айыппен сот отырысы өтіп жатқаны белгілі болған. Егер айып расталса, ол үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Егер күресуге тұрарлық дүние болса, майданда да жалғыз жауынгер!" - деп жазды Хамитов Instagram желісінде.

Сот отырысының қорытындысы әзірге жарияланбады. 

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында спортшы тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети