14 қыркүйек 2017 | 17:48

Майлыбаевтың 177 миллион теңге тұратын жылжымайтын мүлігі мемлекеттік органдарға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бағлан Майлыбаев Бағлан Майлыбаев

Сотталған Бағлан Майлыбаевтың жылжымайтын мүлігі мемлекеттік органдарға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сотталған Бағлан Майлыбаевтың жылжымайтын мүлігі мемлекеттік органдарға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне сілтеме жасап.

"Департамент Есіл аудандық № 2 сотының 2017 жылдың 13 маусымында Майлыбаев Бағлан Асаубайұлыға қатысты қозғаған қылмыстық ісіне орай әкімшілік ғимаратты есепке алды: Астана қаласы, Айманов көшесі, жалпы аумағы - 1554, 9 шаршы метр", - деп хабарлады Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіндегілер.

Бұл ғимарат ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа қатысты қылмыстық іске шыққан сот үкімімен тәркіленген болатын.

Ведомстводағылар биыл 5 қыркүйекте www.gosreestr.kz сайтында осы ғимараттың 171 550 000 теңгеге саудаға қойылғанын айтып өтті.

Еске сала кетейік, Бағлан Майлыбаев 16 қаңтарда қамауға алынған болатын. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Майлыбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 185-бабы 1, 3-бөлігінде көзделген ("Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету") қылмыстарды жасады деген күдікпен ұстаған еді. Сондай-ақ, мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкері Николай Галихин ұсталған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети