Майнерлер үшін жасалатын дифтариф идеясы депутатты алаңдатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майнерлер үшін жасалатын дифтариф идеясы депутатты алаңдатты

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев цифрлық майнинг үшін төлемнің сараланған тарифі тәуекелге алып келуі мүмкін деп қауіптенеді. Оның пікірінше, майнерлер жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіпке қажетсіз шығын келтіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері цифрлық майнинг үшін төлем тұтынылған электр энергиясының 1 кВт-сағатына 1 теңге болады. Жүктемені теңестіру, сондай-ақ, отандық электр энергиясын тұтынуды ынталандыру үшін сараланған мөлшерлемелер ұсынылады: электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, төлем мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс отырысында айтты.

Министрдің мәлімдемесінен кейін депутат Бейсенбаевта сұрақ туды.

"Бұл тәсілді қолдану қауіпті. Мұның салдары жергілікті кәсіпорындар мен тұрғындар үшін электр энергиясының жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін", - деді депутат.

Қуантыров инновациялардың басты міндеті цифрлық майнинг үшін төлемді арттыру деп сендірді.

"Салық электр энергиясының құнына байланысты. Егер олар қымбат электр энергиясын сатып алса, аз төлейтін болады. Егер арзан электр қуатын қолданса, онда көп төлейді. Майнерлер үшін ешқандай айырма жоқ", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети