Майра Мелдебекова БҒМ комитет төрайымы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майра Мелдебекова БҒМ комитет төрайымы болып тағайындалды © primeminister.kz

Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Физика және информатика оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы "Жас сұңқар" пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған. 

1993-2005 жылдары Шымкент қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 

2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. 

2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети