Мәжіліс депутаттары cауда және интеграция министрінің кандидатурасын мақұлдады

Бүгін Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бұл мәселе "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол тәжірибесі мен қажетті басқару қабілеттеріне ие екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Талқылаулардан кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы мақұлданып, комитеттің қорыьындысы қабылданды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама