29 сәуір 2019 11:08

Бәрі күткен шоу. The Spirit of Tengri өтетін күндер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы 25-26 мамыр күндері әлемдік ethno-world музыканың астанасына айналады - мұнда ашық аспан астында The Spirit of Tengri 2019 Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар жылын тойлау аясында өткізіледі.


Алматы 25-26 мамыр күндері әлемдік ethno-world музыканың астанасына айналады - мұнда ашық аспан астында The Spirit of Tengri 2019 Халықаралық заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар жылын тойлау аясында өткізіледі.

Ғаламат шоу дәстүр бойынша шаһардың басты open-air алаңында - Республика Сарайының алындағы Абай алаңында ұйымдастырылады (Абай - Достық). Фестиваль қонақтары Өзбекстан, Эстония, Украина, Мажарстан, Мозамбик, Испания, Тыва Республикасы, Әзербайжан, Үндістан, Мали, Нигер Республикасы, Алжир, Грузия, Мысыр, Иран, АҚШ және Қазақстан ұжымдарының өнерін тамашалай алады. 13 музыкалық ұжымда таңдайынан бал тамған 70 орындаушы бар. 

Жыл сайын The Spirit of Tengri сахнасына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған танымал әртістер шығады. Фестиваль өтіп келе жатқан уақыттан бері 80-нен аса елдің белгілі музыканттары мен ұжымдары қатысып шықты. Фестиваль командасы отбасы мерекесінің ерекше атмосферасын туғызып, онда Алматы тұрғындары мен қонақтары асқан қызығушылықпен жиналады. Олар жәрмеңке аралап, этникалық шеберлер қалашығын тамашалап, киім, музыкалық аспап және ескерткіштер сатып ала алады. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерінде таратылып, онлайн-алаңдарда тікелей эфирге шығады.

Жобаның бас серіктесі ‑ Salem Social Media. Tez Tour Kazakhstan туроператоры да The Spirit of Tengri серіктесі, техникалық серіктесі ‑ KZ Sound компаниясы. Фестивальдің ресми суы - Samal.

Фестиваль ұйымдастырушылары The Spirit of Tengri 2019 фестивалінің бағдарламасына қатысты кейбір мәліметтерді айта отырып, биыл фестиваль қонақтары мен көрермендерін қандай тосынсый күтіп тұрғанын айтып берді.

The Spirit of Tengri бас продюсері Жан Қастеевтің айтуынша, биыл фестивальге 16 елден шамамен 70 әртіс қатысады. Фестиваль сахнасында Әзербайжанның, Үндістанның, Иранның, Бейжіңнің үздік әртістері өнер көрсетеді. Мысалы, Үндістаннан келген әртістер Ұлыбританияның ханшайымы II Елизаветаның алдында өнер көрсеткен болатын.

"The Spirit of Tengri фестиваліне дайындық жұмыстары ешқашан тоқтаған емес, біз жыл бойы жұмыс істейміз. 2019 жылдың мамырында өтетін фестивальге музыканттарды іріктеу жұмыстары былтыр желтоқсан айында аяқталды. Фестиваль аяқталған соң біз бірден келесі фестивальге дайындықты бастаймыз. Бізді әртістер емес, керісінше, біз әртістерді таңдаймыз. Биыл өнер көрсететін жаңа әртістер екі жыл бұрын "кезекке тұрып қойған". Жыл сайын мыңдаған өтініш келіп түседі. Сондай-ақ, біз Womex музыкасының thno-world көрмесіне барамыз, онда әртістерден құралған жаңа достар табамыз", - деді Жан Қастеев.

The Spirit of Tengri жобасының бас менеджері Сергей Майборода команданың алғыс айтатынын және осы жобаға қатысты бүкіл елден айтылып жатқан пікірлерді бағалайтынын жеткізді.

"Фестиваль жыл сайын әсерлі әрі қызықты болып келеді. Ол дамып жатыр. Осымен мақтанамыз. Бұл жыл да солай болады, команда сіздерге тамаша шоу сыйлау үшін көп әрі ынтамен жұмыс істеп жатыр. Бірақ маңызды бір бөлшек бар, соған назар аудартқым келеді: иә, The Spirit of Tengri - бұл орындаушылардың жоғары деңгейі, сапалы жанды дауыс, жарқын шоу. Бірақ бұл бірінші кезекте атмосфера екеніне келісетін шығарсыз. Басқа еш жерде жоқ атмосфера, ол жүрегіңізге ұмытылмас із қалдырады. Фестиваль біткен соң осы атмосфераны сағынасыз, келесіде тағы да соны күтесіз. Егер алаңға осындай әсермен келсеңіз, шоудың алынбас бөлігіне айналасыз. Сондықтан, біз бұл жобаны ұйымдастырушылар, музыканттар ғана емес, әр көрермен жасайды деген сенімдеміз. The Spirit of Tengri отбасының бір бөлігіне айналған әр көрермен жасайды. Біз бәріміз осы жасампаз істі жасап жатырмыз, бәрі де осындай ғажайып жобаға өз үлесін қосады. Бұл түсінік біз үшін өте маңызды. Сондықтан 25-26 мамырда біз осы мерекені бірге өткізу үшін сіздерді күтеміз", - деп түсіндірді Сергей Майборода.

Алдағы шоу туралы ойын The Spirit of Tengri режиссері Марина Ожерельева айтып берді: "The Spirit of Tengri фестивалі - Қазақстандағы заманауи этникалық музыкаға арналған ең көлемді әрі жалғыз шоу. Биыл біз сахнаны толықтай жаңартып, ұмытылмас шоу дайындап жатырмыз. Сондай-ақ шоудың визуал сүйемелдеуі де өзгереді. Біз сахнаның екі жағына кең форматты, жаңартылған LED-экран мен сахнаның үстіне бірегей экран орнатамыз. Бұл экрандар жүйесі визуал перфоманс жасауға мүмкіндік береді. Әдеттегідей фестиваль қонақтарын нағыз шоу мен сапалы жанды дауыс күтеді".

"Жастар арасында заманауи этникалық музыканы тыңдайтындар саны жыл сайын өсіп келе жатқаны қуантады, олар үшін фестиваль эмоциялық, энергиялық тұрғыда маңызды, бұл өз болмысыңды көрсететін алаңға айналады. Осыған байланысты бізге жас талантты қазақстандық ұжымдарды қолдау өте маңызды, сондықтан биыл қазақстандық этномузыканы көп естисіздер. Сонымен қатар, былтыр бүкіл әлем аудиториясынан фидбэк алдық. The Spirit of Tengri 2019 біздің ресми YouTube-арнамызда және Tengrinews.kz сайтында онлайн көрсетіледі. Сіздерді жаңартылған The Spirit of Tengri 2019 шоуында күтеміз!", - деді режиссер.

Ұйымдастырушылар дайындаған тосынсыйдың қатарында безендіруді атап өтпеуге болмас. Фестиваль талантты қазақстандық суретші Санжар Жұбановтың жартасқа салынған суреттерінің желісімен әдеміленеді. Биыл ол Париждегі дүниежүзілік суретшілер көрмесінде шығармашылығын көрсеткен, оған 150 елден суретшілер мен бүкіл әлемнің коллекция жиюшылар келген. Стендте Моника Белуччи сияқты көптеген атақты адамдар байқалды. Оның Францияға апарған барлық туындысы сол жерде сатылып кеткен.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы 2012 жылы Tengri FM ұлттық қазақстандық радиостанциясымен құрылған. Тамаша музыкалық қойылымның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді ұйымдастырылып жатқалы 120 мыңнан аса адам тамашалаған. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы концерттер - ақпараттық көркем материалдар мен видео контентпен сүйемелденетін жарқын, әсем музыкалық шоу. Сондықтан, оларға тек ойын-сауық емес, білім беру сипаты да тән.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети