Мәжіліс депутаттарының жақында көшіп барған қызметтік пәтерлері қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттарының жақында көшіп барған қызметтік пәтерлері қандай? © Тұрар Қазанғапов

Tengrinews.kz тілшілері Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Айзада Құрманованың үйінде қонақта болып қайтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшілері Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Айзада Құрманованың үйінде қонақта болып қайтты.

Соңғы апталарда Қазақстанда "жаңа" депутаттардың "Бейжің Сарайы" қонақүйінде тұрғаны кеңінен талқыланды. Мәжілісмендер қонақүйде уақытша тұрып жатқанын, 8 сәуірде "Жансая" тұрғын үй кешеніндегі қызметтік пәтерлерге көшетінін мәлімдеген болатын.

Редакция тілшілері Парламент депутаттарының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын білуді жөн көрді. Айзада Құрманова Астанаға Павлодардан 8 сәуірде көшіп келген, ал балалары - студент ұлы мен бес жастағы қызы кеше, 10 сәуірде келіпті.

Депутаттың айтуынша, бұл пәтерде күйеуі мен енесі де тұрады.

Біз Айзада Құрманованың үйіне түскі үзіліс кезінде барып қайттық. "Үйдің Парламенттің жанында болғаны өте ыңғайлы. Түскі асты дайындап, қайтадан жұмысқа баруға болады", - деді ол.

Оның айтуынша, 1-2 бөлмелі пәтерлер тұратын адам санына байланысты үлестіріледі. "Кейін біз пәтер номерлерін жеребе ақылы анықтаймыз", - деді мәжілісвумен.

Депутат көршілерімен танысып үлгермегенін де жеткізді. "Жиһаз бар, жетпегендерін сатып аламыз", - деді ол.

Қызметтік пәтерде депутаттар коммуналдық қызметке ғана ақы төлейді.

"Мәжіліске өту - үлкен жауапкершілік. Бастысы соны ақтау", - деді Айзада Кұрманова.


© Тұрар Қазанғапов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети