Мәжіліс ҚР Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс ҚР Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады © Vlast.kz

Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыс барысында "ҚР Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыс барысында "ҚР Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қордан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт бір АҚШ доллары үшін 360 теңге есептік бағамына сүйене отырып, жыл сайын 2 880 млрд  теңге мөлшерінде белгіленген", - деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

Оның айтуы бойынша, кепілдік берілген трансферттің 2017-2019 жылдарға белгіленген мөлшерлері Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30 пайыздантөмен болмайтын кемімелі қалдығы бойынша шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Өксікбаев Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт бюджетті тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге және экономикалық белсенділікті арттыруға бағытталған бюджет шығыстарын толық көлемде қаржыландыруға, сондай-ақ елдің экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети