Мәжіліс спикеріне Қабиболла Жақыповтың кандидатурасы ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс спикеріне Қабиболла Жақыповтың кандидатурасы ұсынылды Қабиболла Жақыпов ©Мансұр Хамит

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата спикерінің кандидатурасына Жақыпов Қабиболла Қабенұлының кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата спикерінің кандидатурасына Жақыпов Қабиболла Қабенұлының кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституцияға сәйкес, Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураны Палатаның депутаттары ұсынады. Ал Парламент Мәжілісін мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайлаған төраға басқарады. Осыған орай, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Төрағаға кандидат ретінде Қабиболла Жақыповты ұсынған еді.

Жақыпов Қабиболла Қабенұлы 1949 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Қазталов ауылында дүниеге келген. 1993 жылдың қаңтарынан бастап 2001 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің бірінші орынбасары. 2003 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары - Үкіметтің Парламент Сенатындағы өкілі болды.

2007 жылдан - "Нұр Отан" ХДП-ның тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети