Мәжіліс жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін мақұлдады ©Мансұр Хамит

Бүгін Парламент Мәжілісі жаңа редакциядағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кодекс жобасы негізінен әкімшілік заңнаманы ізгілендіруге бағытталып, осы бағыттағы құқықтық кеңістікті реформалауға бағытталады. Мәселен жаңа кодексте шағын бизнеске қолдау көрсету шаралары қамтылып, осы бағыттағы қылмыстарды ізгілендіру көзделеді. Атап айтқанда, кодекс жобасында шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұлдар мөлшері орта есеппен алғанда екі есеге азайтылады. "Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік активтерінің құны орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарағанда бес есе аз. Соған қарамастан қолданыстағы Кодексте айыппұл санкциялары бірдей болып отыр", - дейді Әділет министрі Берік Имашев. Министрдің айтуынша, әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы да кеңейтіледі. Бұдан бөлек, министрдің сөзіне қарағанда, жаңа редакциядағы кодексте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қолдану да кеңейтіледі. Атап айтқанда, санкциялардың айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген тоқсан бап соттың қарауынан уәкілетті мемлекеттік органға беріліп отыр. Бұдан бөлек, жаңа редакцияда әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімі жаңғыртылатын болады. Мәселен, егер адам әкімшілік құқық бұзылған жерде соған қатысты хаттамамен толтырылған түбіртек бойынша айыппұл төлеуге келіссе іс қысқартылған рәсіммен жүргізіледі. Яғни, адам өзі жасаған құқық бұзушылық фактісімен келіседі, өз кінәсін мойындайды және өз еркімен айыппұл төлеуге дайын екенін жеткізіп, ешқандай наразылық білдірмейді. "Міне, осындай жағдайдағы қысқартылған тәртіп бойынша адамға хаттама тапсырылған кезден бастап жеті күндік мерзім ішінде айыппұлдың жалпы сомасының тек елу пайызын ғана төлеуге мүмкіндік қарастырылады. Ал егер адам жасалған құқық бұзушылықпен келіспеген жағдайда іс жалпы тәртіппен қаралады", - дейді министр Б.Имашев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети