Мәжіліске ҚХА ұсынған 9 депутат сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліске ҚХА ұсынған 9 депутат сайланды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарына дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бейбітшілік және келісім сарайынан, осы жерде бүгін таңертең Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы басталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы ассамблеясы Мәжіліс депутаттығына ұсынған кандидаттарына дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бейбітшілік және келісім сарайынан, осы жерде бүгін таңертең Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы басталды.

Сессия жабылар кезде сайлаудың қорытындысы жарияланды. Дауыс бергендер бұған дейін ұсынылған тоғыз кандидатты қолдады. 

Бүгін сайлауға түскен кандидаттар:

Сауытбек Әбдірахманов - "Егемен Қазақстан" Республикалық газетi" АҚ президентi, ҚХА мүшесі.

Владимир Божко - ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары, ҚХА мүшесі.

Наталья Жұмаділдаева - Қызылорда облысы ҚХА Аналар кеңесiнiң төрайымы, ҚХА мүшесі.

Роман Ким - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.

Наринэ Микаелян - Армян этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы, ҚХА мүшесі.

Ахмед Мурадов - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА кеңесінің мүшесі.

Шаймардан Нурумов - Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА кеңесінің мүшесі.

Юрий Тимощенко - ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі.

Шакир Хахазов - Дүнген этномәдени орталықтары қауымдастығының басқарма мүшесi, ҚХА кеңесінің мүшесі.

Парламент Мәжілісі 107 депутаттан тұрады, олардың 98-і партиялық тізімнен, ал қалған тоғызын ҚХА ұсынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети