Мәжілісмен азық-түліктің қымбаттағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісмен азық-түліктің қымбаттағанын айтты

Мәжілісмен Тұрғын Сыздықов 24 тауар түрінің екі есеге қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісмен Тұрғын Сыздықов 24 тауар түрінің екі есеге қымбаттағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат осы мәселе бойынша премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Бас прокурор Жақып Асановқа сауал қойды.

"Халық әлемдік экономикадағы дағдарысқа түсіністікпен қарайды. Бірақ негізгі тауар өнімдері мен дәрі-дәрмектердің бағасының қымбаттауы адамдарды алаңдатады", - деді Сыздықов Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында. Оның айтуынша, қарақұмық, картоп, қант, жұмыртұа, тұз, пияз, қияр және қызанақ өнімдерінің бағасы қымбаттаған.

Осыған байланысты Сыздықов құқық қорғау органдарымен біріге отырып, азық-түлік өнімдерінің бағасына әсер етіп жатқан делдардың көзін жою мақсатында кешенді шараларды қолдануды ұсынды. "Атқарушы органдарға әлеуметтік дүкендердегі, сауда бөлімдеріндегі, коммуналдық нарықтағы бағаны реттеуді, жеткізілетін тауардың сапасы мен санын тексеруді міндеттеу керек. Отандық өнімдерді базардағы сауда орындарына тікелей жеткізу мәселесін қарастыру керек", - деді депутат.

Еске сала кетейік, осыған дейін үкіметтегілер азық-түлік тауарларының неліктен қымбаттап жатқанын түсіндірген болатын. "Маусымдық ауытқудың әсері. Жыл сайын тауардың жекелеген түрлері бойынша қоймадағы қордың азаюына байланысты олардың бағасы құбылып тұрады. Бұл ең алдымен көкөністер: картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша. Баға, әдетте, мамыр-тамыз айларында көтеріледі. Төртіншіден, экспорттық жеткізудің әсері. Еуразиялық экономикалық одақ аясында, Ресей мен Қырғызстанның шекара маңындағы бағалардың өскен жағдайда ішкі нарықтағы тауарлар құны да көтеріледі. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған факторлар бағаның өсуіне әсер етті, жыл соңына дейін айтарлықтай өсім болмайды деп күтілуде", - деген еді Қуандық Бишімбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети