Мәжілісмен Сыртқы істер министрлігін қазақстандық тауарларды нашар жарнамалағаны үшін сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісмен Сыртқы істер министрлігін қазақстандық тауарларды нашар жарнамалағаны үшін сынға алды Владимир Божко. © Тұрар Қазанғапов

Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық институттар мен басқа да ведомстволар қазақстандық өндірушілердің жұмысын жетілдіру қажеттігін ұмытып жатыр. Бұл туралы үкімет сағаты барысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық институттар мен басқа да ведомстволар қазақстандық өндірушілердің жұмысын жетілдіру қажеттігін ұмытып жатыр. Бұл туралы үкімет сағаты барысында Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Владимир Божко еліміздегі ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылық техникасы саласындағы негізгі проблемаларды анықтады. Оның айтуынша, шетелде қазақстандық тауарларды дамыту жүйесі әлсіз болып тұр. 

"Биыл қаңтар айында Германияда өткен ауыл шаруашылығының дүниежүзілік көрмесіне шамамен 90 ел қатысқан болатын. Содан депутаттармен өткен кездесуден кейін Германия өкілдері көрмеде бірде-бір Қазақстан өкілін көрмегенін айтты. Көрмеде Қырғызстанның стендтері, сондай-ақ, Украинаның барлық облысының, оның ішінде шайқасып жатқан Луганск пен Донецк облыстарының өкілдері, Әзрібайжан, Беларусь, Өзбекстан елдерінің өкілдері жүрді. Еуропа, АҚШ, Африка елдерінің өкілдері де жүрді. Сонда біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін қалай дамытпақшымыз? Сыртқы істер министрлігінің экономикалық институттары мен басқа да ведомстволары отандық өнім шығарушылардың жұмысын жетілдіруді ұмытып жатыр", - деді Божко.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети