09 наурыз 2020 14:52

Медбикенің коронавирус туралы әзілі Жаңаөзен тұрғынын танымал етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Яна Кан. Қыздың Instagram парақшасынан алынған сурет Яна Кан. Қыздың Instagram парақшасынан алынған сурет

Оңтүстік Кореядан оқудан оралған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Яна Кан медбикенің коронавирус туралы сәтсіз әзілінің оны қалай танымал еткенін айтып берді. Қыз өзінің инстаграмдағы парақшасында болған жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды "Лада".


Оңтүстік Кореядан оқудан оралған Жаңаөзен қаласының тұрғыны Яна Кан медбикенің коронавирус туралы сәтсіз әзілінің оны қалай танымал еткенін айтып берді. Қыз өзінің инстаграмдағы парақшасында болған жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды "Лада".

Қыз бала Оңтүстік Корея университетіндегі семестрден кейін туған қаласына наурыздың басында оралды. Осы уақытта Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі мессенджерлер арқылы оқудан келген Яна Канның коронавируспен ауыратыны туралы ақпарат тарата бастады.
 
"Өздеріңіз білетіндей, коронавирус табылған елдерден қайтып келгендердің барлығын карантинге жатқызу керек. Менде ешқандай белгілер, тіпті дене қызуы да болмады. Бірақ мен ауруханаға коронавирусты таратып ауруханаға жатқызылдым деген жалған ақпарат келесі күні-ақ тарап кетіп, Жаңаөзендегілер менің сырқаттанғаныма сенімді болды", - деп бөлісті Яна Кан.

Қыздың сөзіне қарағанда, адамдар ешқандай дәлелсіз, анықтап алмай жатып, осындай жалған ақпарат тарата бастаған.

"Олар өздерін өздері үрейлендірумен болды. Әрине, маған дереу хат жазып, барлық ақпаратты жіберген мәдениетті адамдар да болды, әйтпесе мен ешнәрсе білместен ауруханада бола берер едім. Ата-анам мені осы ақпараттан оқшау ұстауға тырысты. Мен ашуланбадым және ауруханада жайбарақат жатқанымда, кейбіреулері көмектесуге тырысты, басқаларға қарғыс айтып, мен үшін уайымдады, мен оларға өте ризамын, бірақ менің және анамның суретін таратып, бүкіл қала бойынша жалған ақпарат таратқан адамдар республикамыздың заңына сәйкес өз жазаларын тартады, - деп қорытындылады ол.

Янаның айтуынша, қазір оның денсаулығы өте жақсы екен.

Еске салайық, осыған дейін Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі коронавирус туралы сәтсіз әзілдегені туралы айтылды. Әйел оның хабарламасы WhatsApp-та жылдам тарап кетеді деп ойламаған. Медбикенің айтуынша, ол өз туыстарымен әзілдескісі келген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети