“Медеу“ мұз айдынындағы сырғанау маусымы қашан аяқталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Медеу“ мұз айдынындағы сырғанау маусымы қашан аяқталады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Наурыздың құрметіне "Медеу" мұз айдынындағы сырғанау маусымы 25 наурызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Наурыздың құрметіне "Медеу" мұз айдынындағы сырғанау маусымы 25 наурызға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл "Медеу" таулы мұз айдыны маусымды әдеттегіден он күн өткен соң, яғни 25 наурызда аяқтайды.

"Жаппай сырғанауды ұзарту туралы шешім Наурызды мерекелеу құрметіне және алматылықтардың мұзда сырғанауға деген ерекше сүйіспеншілігін ескере отырып қабылданды", - делінген хабарламада.

Әдетте маусым алдыңғы жылдардағыдай 15 наурызда аяқталған. Биыл мереке күндері мен жоғары сұраныстың арқасында мұз айдыны тағы он күнге ұзағырақ жұмыс істейді.

Көктемгі жылынудың басталуына және мұздың сапасына әсер ететін күн қызуының жоғарылауына байланысты жаппай сырғанау тек кешкі уақытта жүзеге асырылады:

Жұмыс кестесі:

  • Жұмыс күндері-17:00-ден 20:00-ге дейін
  • Демалыс және мереке күндері – 17:00-ден 20:00-ге дейін және 21:00-ден 24:00-ге дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети