Алматы прокурорлары "Медеу" табиғи паркінің жерлерін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы прокурорлары "Медеу" табиғи паркінің жерлерін қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды алып жатқан жерлер, жеке меншiкте бола алмайды.
"Алайда 2020 жылы табиғи парк аумағында жеке тұлғалар ауданы 35 гектар 10 жер учаскесіне меншік құқығын тіркеген. Бұған, Горнооктябрь ауыл әкiмшiлiгiнiң 1994-1997 жылдардағы жер учаскелерiн бөлу туралы шешiмдерiнiң бар екендігі жөнінде мұрағаттық анықтамалар негiз болды.
Мұрағаттық анықтама құқық белгілейтін құжат болып табылмайтынына қарамастан, тіркеуші орган меншік құқығын заңсыз тіркеген", - делінген хабарламада.
Алматы прокуратурасы аталған анықтамаларды және жер телімдерін иеліктен шығару жөніндегі кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінгне.
Сот шешімі бойынша, прокурордың талап-арыздары қанағаттандырылып, "Медеу" табиғи паркіне кадастрлық құны 3 миллиард теңге сомасындағы жер қайтарылған.
"Сонымен қатар, сотқа қатысуды қамтамасыз еткен Медеу ауданы прокуратурасының өтінішхаты бойынша меншік құқығын тіркеу кезінде жіберілген заңбұзушылықтар үшін сот кінәлі тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жөнінде жеке ұйғарымдар шығарды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!