27 қыркүйек 2016 | 10:26

Медициналық ЖОО-ның түлектері әлемнің денсаулық сақтау талаптарына сай болуы тиіс - Дүйсенова

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kgmu.kz © kgmu.kz

Медициналық ЖОО-ның түлектері еліміздің және әлемнің денсаулық сақтау талаптарына сай болуы тиіс. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті Ғылыми кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабардайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
 
Министр Қазақ Ұлттық медициналық университетінің оқытушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің  негізгі қағидаларын түсіндірді.


Иконка комментария блок соц сети

Медициналық ЖОО-ның түлектері еліміздің және әлемнің денсаулық сақтау талаптарына сай болуы тиіс. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті Ғылыми кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді, - деп хабардайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
 
Министр Қазақ Ұлттық медициналық университетінің оқытушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің  негізгі қағидаларын түсіндірді.

Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізу аясында медициналық ЖОО-ға зор жауапкершілік арттырылатынын баса айтты.

"Кадрлары даярлау жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарының жаңа жағдайда тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуі керек. Медициналық қызметтердің сапасы мен МӘМС жағдайындағы жалпы денсаулық сақтау жүйесі мен әрбір емхананың бәсекеге қабілеттілігі - медициналық қызметкерлерлің кәсіби даярлығы мен біліктілігіне тәуелді болмақ. Осы тұрғыда сіздердің университеттеріңіз, ұлттық оқу орны ретінде жаңа бастамаларды жүзеге асыру шараларында көшбасшы болып, жетекші академиялық және зерттеу орталығына айналуы тиіс", - деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен бірге, министр университеттің халыққа қызмет көрсету саласында практикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды екенін атап айтты.

"Университеттің клиницист профессорлары мен доценттері қатардағы дәрігерлерден шын мәнінде жоғары болып, өз тәжірибелерінің негізінде студенттер, интерндер мен резиденттерді оқытуы маңызды. Жақсы мысал ретінде Алматы қаласында орналасқан біздің ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты атауға болады. Аталған интеграция практикасын енгізуді әрі қарай жалғастыру керектігіне сенімдімін. Біз үшін барлық медициналық ЖОО түлектері шын мәнінде әлемнің және еліміздегі денсаулық сақтау саласының бүгінгі таңдағы талаптары мен шарттарына сай болуы - біз үшін зор маңызға ие", - деп атап айтты Тамара Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде әзірленген медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталады. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен әрі қарай қамсыздандыруын жалғастырады. Олардың қатарына әлеуметтік мәні бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети