Медициналық сақтандыру қоры коронавируспен күреске 187 миллиард теңге жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медициналық сақтандыру қоры коронавируспен күреске 187 миллиард теңге жұмсады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов 2020 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін қор Қазақстандағы коронавируспен күреске шамамен 187 миллиард теңге жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Наурыз бен желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде қор коронавирус инфекциясымен күресуге шамамен 187 миллиард теңге жұмсады.

Егер нақты бағыттар бойынша тоқталатын болсақ, біз 110 миллиард теңгені денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлеріне үстемақы төлеуге жұмсадық. Бұл біздің стационарларда және басқа да ұйымдарда жұмыс істейтін, коронавируспен күресетін дәрігерлер", - деді Төкежанов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, медициналық көмекке және коронавирустың алдын алу үшін 54 миллиард теңге жұмсалды.

"Яғни, бұл ақшаға 384 мыңнан аса адам провизорлық және инфекциялық стационарларға жатқызылды және емделді. Сондай-ақ, ПТР-диагностика қызметіне 27 миллиард теңге жұмсалды. 1,9 миллиард ПТР сынағы өткізілді. Мобильді бригадалардың шығуына - 3,2 миллиард теңге. 550 мыңға жуық сапар өткізілді", - деді Төкежанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети