Медициналық сақтандыру қоры PR үшін 214 миллион теңге бөлген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медициналық сақтандыру қоры PR үшін 214 миллион теңге бөлген Сурет: elements.envato.com

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры PR-ға 214 миллион теңге бөлді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ӘМСҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық сақтандыру қорының бюджетінде PR үшін жалпы көлемі 214 миллион теңге қаражат көзделген. Тиісінше, алдыңғы басшылықпен шарттар жасалды, мысалы, "Global Corporation" ЖШС-мен БАҚ-та ақпарат жариялау туралы 54,1 миллион теңгеге бір шарт және 57,1 миллион теңге сомасына "Nomad Lider" ЖШС компаниясымен SMM-сүйемелдеу туралы шарт жасалды. Бүгінде мамыр мен 10 шілде аралығында көрсетілген қызметтер үшін 37,4 миллион теңге сомасында төлем жүргізілді", - деп хабарлады Төкежанов.

Оның айтуынша, алғашқы келісім-шарт бұзылып, 16 миллион теңгеден астам қаражат үнемделген. 

"PR, қордың имиджіне жұмсалатын шығындарды оңтайландырдық, онда 108 миллион теңге болған. Біз халықпен кері байланысты сақтап, тұрғындардың шағымдарына уақытылы назар аудару үшін SMM-қызмет туралы шартты қалдырдық", - деп қосты ол.

Бұған дейін ол коронавирустың екінші толқыны болса, қор 159 миллиард теңгені қайда жұмсайтынын айтқан болатын. Қор басшысының айтуынша, медициналық сақтандыру қоры дәрігерлерге 73,7 миллиард теңге төлеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети