Мейрамханаларды отандық өнім тұтынуға міндеттеу жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейрамханаларды отандық өнім тұтынуға міндеттеу жоспарланып отыр ©Lenagold.ru

Қазақстан мейрамханаларын отандық өнім тұтынуға міндеттеу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мейрамханаларын отандық өнім тұтынуға міндеттеу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында хабарлады.

"Қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің міндетті ассортиментіне республикада жеткілікті түрде өндіріліп жатқан қазақстандық өнімді қосу заңнамалық деңгейде реттеліп жатқан жоқ, сондықтан комитет келешекте оны енгізу үшін сәйкес ұсыныстар жасауды өзіне мақсат етіп қояды", - делінген хабарламада.

Комитет өкілдерінің айтуынша, мейрамхана мен кафе иелері келушілерге шет елден келген өнімді ұсынып жатыр, сонысымен тұтынушылардың еркін таңдау (жұмыс, қызмет) жасауына, оның ішінде отандық өнімді таңдауға шектеу жасап жатыр.

"Ассортиментте Қазақстанда өндірілген тауардың жоқтығы отандық тауарды өндірушілердің абыройына да нұқсан келтіріп жатыр. Өзге елдерде шарт бойынша бірінші кезекте жергілікті өнім насихатталады", - делінген ведомство хабарламасында.

"Зертханалық зерттеулер бойынша, тамақтандыру қауіпсіздігіне сәйкес көп жағдайда импортталған тауар өнімдері техникалық регламент талаптарына сәйкес келе бермейді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети