02 желтоқсан 2022 12:03

Меже мен міндет: Ауыз судың азабы азайып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қай заманда болмасын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету кез келген мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі болған. Мәселен, алдыңғы ғасырлардың өзінде Қазақстан аумағында су құбыры жүйелерінің жұмыс істегенін Шу жеріндегі ежелгі Ақтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдеп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтырғы "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауында өңірлерді дамыту жобасы аясында бес жылдың бедерінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттігін айтып, Үкіметке тиісті тапсырма жүктеген болатын.


Қай заманда болмасын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету кез келген мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі болған. Мәселен, алдыңғы ғасырлардың өзінде Қазақстан аумағында су құбыры жүйелерінің жұмыс істегенін Шу жеріндегі ежелгі Ақтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдеп берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтырғы "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауында өңірлерді дамыту жобасы аясында бес жылдың бедерінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттігін айтып, Үкіметке тиісті тапсырма жүктеген болатын.

Президенттің аталған тапсырмасы өңірлерде қалай жүзеге асырылуда? Бұл бағытта өңірде қандай жұмыстар жүргізілуде? Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөліміне қайырылып, келесідей жауаптар алған болатынбыз.

Ауданда 35 елді мекеннің 26-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Оның ішінде Шу қаласы мен Төле би, Абай, Ақсу, Оразалы батыр, Алға, Бірлікүстем, Балуан Шолақ, Белбасар, Жаңа жол, Бәйдібек, Тасөткел, Бірлік, Далақайнар, Қонаев, Мойынқұм, Шоқпар және Шоқпар станциясы, Аспара, Құмөзек, Жиделі, Еспе секілді 22 ауылға орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған.

Көктөбе, Сауытбек, Ақтөбе мен Жайсан сияқты төрт ауыл ауыз сумен ішінара қамтылған. Нақты айтқанда тұрғындар көше бойына тартылған құдықтан су ішіп отыр. Ал, Еңбекші, Тасөткел су қоймасы, Бөлтірік, Көкқайнар, Жиенбет, Еңбек, Алайғыр, Құлақшын, Көкжиек деп аталатын 9 елді мекендерде мұндай игілік жоқ.

Шу ауданы бойынша ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 540,1 шақырым болса, кәріз жүйесі - 65,7 шақырым. Ауылдық округтерде су құбырларының ұзындығы 370,8 шақырым болса, Шу қаласында 169,3 шақырымды құрайды. Бұл жүйелерге "Ауыз су-Шу" КМК және "Теміржолсу" ЖШС қызмет көрсетеді.

"Ауыз су-Шу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында Төле би ауылының кәріз жүйесіне ауыз сумен қамтамасыз ету және ағызылған суды ағызу құны (тарифі): мемлекеттік мекемелерге су - 1 текше метр үшін 144,93 теңге, кәріз суының текше метрі - 336,60 теңге; заңды тұлғаларға ауыз су- 128,38 теңге, кәріз - 336,60 теңге; жеке тұлғаларға ауыз су - 53,49 теңге болса, кәріз суына - 48,60 теңге бекітілген.

"Теміржол су-Шу" ЖШС-нің Шу қаласының кәріз жүйесіне және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін суды ағызу құны (тарифі) мемлекеттік мекемелер үшін 1 текше метр су үшін 327,23 теңге, кәріз - 112,96 теңге; заңды тұлғаларға суға - 306,6 теңге, кәрізге - 110,16 теңге; жеке тұлғаларға суға - 28,18 теңге, кәрізге - 17,50 теңге болып отыр.

Бүгінгі таңда аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 74,3 пайызды құрап отыр. Елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынуда.

Биыл жүзеге асып жатқан және жоспарланған нысандардың бірі- Көктөбе ауылына су құбырларын тарту жобасы. Жобаның жалпы құны 804,75 млн.теңге. Бүгінгі күні мердігер "Мелиоратор" ЖШС-мен құны 692 млн. болатын келісімшарт жасалған. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 12 айды құрайды. Құрылыс биылғы маусым айында басталып, келер жылғы маусымда аяқталуы тиіс. Құбырлардың ұзындығы - 45,9 шақырымды құрайды. Қарастырылған қаржы осы жылы толығымен аударылғандықтан, құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сол секілді Көкқайнар ауылына су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның жалпы құны 271,6 млн. Қазіргі таңда мердігер анықталып, "Интеллект Азия" ЖШС-мен 239 млн теңгенің келісім-шарты жасалған. Жұмыстар үшін 2022 жылға 39,477 млн теңге бөлінсе, келесі жылға 199,5 млн теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы - 5 айды қамтиды. Су құбырының жалпы ұзындығы 8,7 шақырым. Бүгінгі уақытта жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Алға ауылдық округіне қарасты Сауытбек ауылындағы кәріз желісін тартуға мердігер компания анықталған болатын. Тиісті бөлім мен "Жаңғыру" ЖШС-мен жасалған келісімшарт құны 169 631,8 мың теңге. Оның ішінде 2022 жылға 39,477 мың теңге болса, 2023 жылға 130,1 млн теңге бөлінген. Су құбырының ұзындығы 5,7 шақырымды құрап, елді мекенішілік ауыз су желілері мен тұрғын үйлерге жеткізу желілері толығымен салынды. Сондай-ақ көлемі 100 текше метр су алу нысанының (су тарту нысаны) екі су қоймасы құйылды. Одан бөлек сорғы станциясы және бақылау-өткізу пункті (өткізу пункті) салынды. Биылғы жылы жұмыстар толығымен аяқталды, бөлінген қаржы игерілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтатылды.

Сонымен бірге бүгінгі таңда Еңбекші, Ақтөбе ауылдарына, Шу қаласындағы Қант зауыты ықшамауданына су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Төле би ауылының солтүстік бөлігіне ауыз су жүргізу құрылыстары үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім берілген екен. Сол секілді Еңбек, Жиенбет, Жайсан ауылдары мен Тасөткел су қоймасының ауыз су жүйелеріне ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 32 млн теңге қарастырылып, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.

Сонымен қатар Шу қаласындағы Жанкулиев тұрғын аумағы, Жайсан мөлтек ауданы және Горгаз мөлтек аудандарына ауыз су жүйелерін салуға ЖСҚ-ын әзірлеуге аудандық бюжеттен қаражат қарастыруға ұсыныс берілетін болады. 2024-2025 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе Алайғыр, Құлақшын, Көкжиек, Бөлтірік елді мекендерінде суды тазартуға арналған біріктірілген блок-модулін орнату жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы бөлім тарапынан Төле би ауылында аудан бюджеті есебінен ауыз су жүйелері жүргізіледі деп жоспарлануда. Мұндай жұмыстар көп қабатты 8-үйді қамтымақ.

Ал, Бірлікүстем, Жаңа жол, Алға ауылдарының және Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданындағы ескірген ауыз су мұнараларын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Одан бөлек, Қосқұдық мөлтек ауданында судың қысымы төмен болуына байланысты №40 мектептің аумағында орналасқан аудандық білім бөлімінің теңгеріміндегі су шығару мұнарасыннан қосымша Ы.Алтынсарин бұрылысы және Ы.Алтынсарин көшелеріне су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілетін болады. Аудандық білім бөлімінің теңгеріміндегі су шығару мұнарасын аудандық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімнің теңгеріміне өткізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Дәл осыған ұқсас С.Сейфуллин көшесіндегі жатақхананың маңындағы су шығару мұнарасынан Қосқұдық мөлтек ауданындағы С.Мамыров, С.Жұмабекұлы, Ю.Гагарин, және Т.Шевченко көшелеріне қосымша су құбырларын тарту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

- Жоспарланған жұмыстар жүзеге асқан жағдайда, аудан халқын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үлесі едәуір жоғарылайтын болады.

Бұрын халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге тиісті инфроқұрылым жасалынып, қазіргі уақытта істен шығып қалған нысандар жоқ.

Ауыз судың сапасы белгіленген ұлттық стандартттарға сәйкес және қызмет көрсетуші кәсіпорындар тарапынан уақтылы судың сынамалары алынып, тексеруден өткізіліп тұрады,-дейді аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Жадыра Каликов.

Руслан ИСКАКОВ, Шу ауданы.

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети