30 қыркүйек 2015 | 10:39

Меккеде қазақстандық қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Меккеде қажылық кезінде қазақстандық Нұрсұлтан Алпысбаев қайтыс болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның туыстары хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Меккеде қажылық кезінде қазақстандық Нұрсұлтан Алпысбаев қайтыс болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның туыстары хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жүрек талмасынан 25 қыркүйекте көз жұмған, алайда бұл туралы бүгін ғана белгілі болды. Туыстарының сөзіне қарағанда, ер адам бұған дейін де Меккеге қажылыққа барған. "Ол адамдар сығылысқан кезде болмаған. Барлық рәсімнен өтіп, үйге ұшып келуі тиіс болатын. Бірақ ол топтан қалып қойып, жоғалып кеткен. (...) Үш күннен кейін ол Меккедегі мәйітханадан табылды. Бізге ол жүрек талмасынан көз жұмған деп хабарланды", - деді туыстары.

Алпысбаевтың Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің қызметкері екені анықталып отыр. "Иә, ол Меккеде қаза тапты, бірақ оның қайтыс болу себебі бізге белгісіз. Алпысбаев 1951 жылғы, біздің оқу орнымызда 1980 жылдан бері қызмет еткен. Оның соңғы қызметі: әлеуметтік ғылым факультетінің денешынықтыру кафедрасының аға оқытушысы. Біз олардың туыстарына көңіл айтамыз", - деді университеттің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Қазақстан СІМ-нен бұл жағдайға қатысты түсінік алу мүмкін болмады. Оның туыстарының айтуынша, қазақстандықтың денесін елге әкелу мәселесі әзірше шешілген жоқ.

Бұған дейін Меккеге жақын жердегі ауруханада 24 қыркүйекте Қазақстанның азаматшасы көз жұмды, ол 78 жастағы зейнеткер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети