Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Меккеге қажылыққа барған Қазақстан азаматтары қайтыс болды

15 Қазан 2014, 15:38
0
Мекке. Қағба маңындағы құлшылық. ©REUTERS
Мекке. Қағба маңындағы құлшылық. ©REUTERS

Меккедегі қажылық кезінде Қазақстанның екі азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметкерлерінің хабарлауынша, қажылыққа барғандардың бірі - Талдықорғанның 69 жастағы тұрғыны Баба Никанды автобус қағып кеткен. Ол көлік жолын белгіленбеген тұстан кесіп өткен. Қайтыс болған екінші адам - 75 жастағы көкшетаулық Ботан Жүсіпова - оның қан қысымы күрт көтеріліп кетіпті. Бұл екі адам да Мекке топырағында жерленді. 

Діни басқарма мамандарының айтуынша, бұл екі қайғылы оқиғаның бір-біріне қатысы жоқ. Марқұмдар қажылыққа екі бөлек туркомпанияның көмегімен барған - "Минатур" және "Қызмет Саяхат". Кейбір мәліметтер бойынша, қасиетті жерде тағы бір қазақстандық Сауд Арабиясының ауруханасында ауыр халде жатыр. "Толық мәліметті біз 20 қазаннан соң - мұсылмандар қажылықтан оралған кезде беретін боламыз", - деп хабарлады діни басқарманың баспасөз қызметі.

Биыл Меккедегі қажылық кезінде түрлі елдерден барлығы 130 адам қайтыс болды. 213 адам жергілікті емдеу мекемелерінде жатыр. Айта кетейік, 2013-2014 жылдары Сауд Арабиясына қажылыққа Қазақстанның 10 мыңнан астам азаматы барған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай